Шымкенттен «Отырар» жүргелі тұр – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Шымкенттен «Отырар» жүргелі тұр» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 587
Қоштасар сәтте
махаббат жырын жырлаңдар,
Сөздер мен көзде қаншама нәзiк сырлар бар.
Қауышар қашан,
бiлмедiм,
ендi тамбурмен,
Перронда мынау шығарып салып тұрғандар.
«Хат жазшы»,–
дейдi дiрiлдеп үнi гүл-гүлiм,
Айтылмай қалды айтылар деген сыр бүгiн.
Ары да берi
жүргiншiлерден қысылған,
Ғашықтар мынау қия алмай тұрған бiр-бiрiн.
Ақша жүзiне жарасқан әсем ақ моншақ,
Тәкаппар ару қоштасар сәтте жасқаншақ.
Қымбатсың маған
қиыншылығыңмен сөз жетпес,
Қалтырап қолдар, береке бiзден қашқан шақ.
Оңтүстiк жақта пiскен жоқ уыз тұт әлi,
Қара баланың шыққан жоқ жеке кiтабы.
Түркiстан жақтан
жылжыған қою қара түн,
Абыр да сабыр поезды қазiр жұтады.
Шымкент жаққа келiп тұрыңыз, арай қыз,
Шығарып салып,
күтiп алуға жараймыз.
Кетедi поезд,
қалада мына қалғандар,
Еңсемiз түсiп үйдi-үйге сосын тараймыз.
Беймәлiм жаққа бастап жүр қазiр жыр менi,
Бейтаныс қыздың сүйкiмдi қандай күлгенi.
Елеусiз тұрған қара баланың,
алайда,
Ағыл да тегiл жырларын ешкiм бiлмедi.
Сонда да, аға,
бақытсыз жанмын демеспiн,
Тартады тәнi Қарашық пенен Келестiң.
Кетер ем мен де отырып мына поезға,
Алматы жақта күтпейдi бiрақ менi ешкiм.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шымкенттен «Отырар» жүргелі тұр өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Шымкенттен «Отырар» жүргелі тұр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шымкенттен «Отырар» жүргелі тұр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шымкенттен «Отырар» жүргелі тұр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері