Бұл бетте «Алысқа аңлауымда ақыл серік» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алысқа, аңлауымда, ақыл серік,
Болмайды тапсаң серік, жолың керік.
Үстінен қазынаның құлатады,
Ізіне ер де отыр, беріп ерік.
Әрқашан айтқанынан бас бұрмасаң,
Бітеді айдай ажар, күндей көрік.
Басыңа бақыт қонып, ықпал орнар,
Сияқты болар сөзің піскен өрік.
Көпек ит — нәпсің күн-түн баққаныңмен,
Қан-жынға халық шошынар, болған жерік.
Басынды байқаусызда боққа былғар,
Бетіне қоя берме, байла берік!
Сөзімнің мағынасына зейілің жетсе,
Кигендей көркейерсің кәмшат бөрік.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі