Жігітте жұртты жеген күй болмайды

Бұл бетте «Жігітте жұртты жеген күй болмайды» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2435
Жігітте жұртты жеген күй болмайды,
Шортанда шабақ жеген ми болмайды.
Ащыны тұщыменен тату керек,
Теріде тоқпақ жемей, ін болмайды.
Бір "шыж-быж" мың "сіз - бізден" болады артық,
Қолды қу қусырғанмен, сый болмайды.
Болмаса алдында — аға, артында — іні,
Болғанмен ер туымды, би болмайды.
Дүниеде әр нәрсеге себеп керек,
Ағаштан бұтағы жоқ үй болмайды.
Қой, түйе қаптап қанша шарлағанмен,
Құба доң Құдай үйген қи болмайды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері