Өлең, жыр, ақындар

Ару қалам Астанам

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1408
Күндiк жерден көрiнген,
Айналайын елiмнен,
Ата-баба кезеңдерi-ай.
Алқасындай Арқаның,
Бұрымындай қалқаның
Толқып аққан өзендерi-ай.
Махаббаттың өлшемi,
Бәйтерегiм еңселi.
Жүрегiңде жатады екен.
Ақ балығы жүзген көл,
Ақ сағымы жүзген бел,
Жер жаннаты атамекен.
Ару қалам Астанам,
Жанды тербер асқақ ән.
Арман үмiт тiлегiмде,
Елiмдi алға бастаған.
Ару қалам, жас қалам,
Менiң мәңгi жүрегiмде.
Хан Кененiң тiлегi,
Алашорда жүрегi.
Ерке Есiл әлi есiмде,
Қарашығы қазақтың.
Бақытты күн, ғажап күн,
Сарыарқаның белесiнде.
Тағдырымыз шешiлген,
Мерейiмдi өсiрген.
Әлем бiлген бас қаламсың,
Жеткен көне ғасырдан.
Айбынымды асырған,
Менiң жаңа Астанамсың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жолдар

  • 0
  • 0

Жолдар қашады, қаладан шыға сап,
Тартады жан-жаққа таралып.
Оң жақта от сөнген бiр ошақ,
Сол жақта бiр жердiң бары анық.

Толық

Аяздағы ән

  • 0
  • 0

Сары аязда
сол жылы сақылдаған,
Ерттеп бердi Тұрдыбай атын маған.
Төрт тұяққа лақтыртып кезек қарды,

Толық

Суретші

  • 0
  • 0

Суретші Әбілқасым, Қасым, Қасым,
Көп жаман өсек айтып басынбасын.
Арындап шабатұғын жасыңдасың,
Қиналған сәтерімде қасымдасың.

Толық