Сарыала қазым саңқылдап – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Сарыала қазым саңқылдап» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1017
Сарыала қазым саңқылдап,
Сайранда сазда салқындап,
Қуанышымның көл-көсір
Қазаны қайнар сарқылдап.
Тосыннан төксем көлге сыр,
Тамсанар таулар саз тыңдап.
Құла бір таңда бүр атып,
Құлпырса жайнап сансыз бақ,
Көзімнің жасын бұлатып,
Көңілге кімдер салсын дақ,
Қызуым сөнбей кеудемнен,
Қызығым қалай сарқылмақ?
Қонағың болып келгем мен,
Төріңе, жылдар, сал сырмақ.
Шұғынық гүлдер ырғалып,
Шыққанда қырға саусылдап,
Қаздарым ұшар дүр қағып,
Сабау қанаты сартылдап!

1971


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері