Жол
Бұл бетте «Жол» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аттанбай бір сапарға тұрар ма адам,
Жол жатыр, міне, алдымда бұраңдаған.
Осынау бұлтаңы көп, бітпес жолда
Жігіт пе ат басын ап жүре алмаған?!
Көп шығар көргенімнен көрмегенім,
Асығып алғы күнге мен келемін.
Тасырқап табанынан қалмаса екен
Әйтеуір «Көңіл» деген көк дөненім.
Арнасы арманымның толы ағынға,
Күйіп күнге, суыққа тоңамын да.
Түбі мен жақсымен де, жаманмен де
Тоғысам тоғыз жолдың торабында.
Тарылтып жол азабы тынысымды,
Сен рет көңілімнің қыры сынды.
Бірақ мен келем әлі талпынумен,
Тірлікте тындырсам деп бір ісімді.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі