Бұл уақыт өтіп жатыр тізбектеліп – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Бұл уақыт өтіп жатыр тізбектеліп» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1173
Бұл уақыт өтіп жатыр тізбектеліп,
Түйінін тіршіліктің іздеп келіп.
Батысыма арайлы ай боп батып,
Шығысымнан шырайлы күн боп келіп.
Бұл уақыт күн мен түнді тең өсіріп,
Жатады ғасырлардан белес үйіп.
Адамға қарызданып, кейде адамды
Кетеді қайта өзіне бересі ғып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері