Еске алу
Бұл бетте «Еске алу» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көк торғын сонау тоғайға
Кетуші ек терең көміліп.
Аунаушы ек еркін көгалда,
Бұрымдай бірге өріліп.
Теректер, талдар сол шақта
Тұратын еді сызданып.
Алушы ем сені құшаққа,
Бәрінен соның қызғанып.
Сәулесін судай сіміріп,
Сүйгіздік беттен ақ айға.
Ару таң атса сызылып,
Алақан тостық арайға.
Тәтті еді-ау сол бір бал түндер,
Жұлдыздар маздап жанатын.
Аймалап ескен салқын жел
Ән болып қанат қағатын.
Еске алдым, сәулем, сағына,
Жандар жүр онда кіл бөтен.
Көк торғын тоғай тағы да
Асыға күтіп тұр ма екен?!.
1972
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі