Бұл бетте «...Сен едің кеше шолжың қыз» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
...Сен едің кеше шолжың қыз,
Ащының дәмін татпаған.
Төбеңде жайнап шоқ жұлдыз,
Төсекте тыным таппаған.
Елігіп өстің ертерек,
Елестің қанбай сырына.
Әзәзіл сезім ентелеп,
Кеудеңе кірді сұғына...
Босаңсып белі шыдамның,
Базарың тозып тарқады.
Шаттықтан енді шығар мұң,
Бақытың бейнет тартады.
Таусылса бойдан бар дәрмен –
Тағдырың тартқан сыбаға.
Басыңнан тайса бал дәурен,
Басқадан сауға сұрама.
Бұлама көздің жасын құр,
Булығып асау ой ағар.
Мазасыз мұңды жасыр бұл,
Махаббат шошып оянар.
1973
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі