Тайжақы киген жоқ едім
Бұл бетте «Тайжақы киген жоқ едім» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тайжақы киген жоқ едім,
Тастадым тайға бұғалық.
Бозбалалықты жебедім,
Бойымды билеп бұлалық.
Қызықтан қымыз сапырдым,
Күлкіні қылмас кісі ермек.
Қорқыныштарға сапы ұрдым,
Күдік біткенді кісендеп.
Бораным соқса қарсыдан,
Қиялдың кидім күпісін.
Көңілім талай қаңсыған,
Ұрлатып үміт-үкісін.
Өкінсем содан опық жеп,
Кенімді кейде қаза алмай,
Көріктей кеудем от үрлеп,
Қайнады ішім қазандай.
Жігердің тіктім байрағын,
Жүрегім тулар күн бүгін.
Өлеңнен семсер байладым,
Өнердің кесіп кіндігін.
1973
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі