Жалындап туған жігітті – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Жалындап туған жігітті» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 756
Жалындап туған жігітті
Жақсының ісі жебемек.
Арындап шыққан жүйрікті
Аяқтан шалып не керек?
Аталық ақыл айтылса,
Құлықты көңіл түйсінер.
Алдыңнан ашық ай туса,
Көңілің неге күрсінер?
Шығатын жанға жоқ таса,
Жалғызға қамқор көп шығар.
Жай оғы келіп соқпаса,
Теңселе қоймас көк шынар.
Қырандар егер күні үшін
Түседі десек майданға –
Үзілмей жүрген үмітің
Тиеді тас боп маңдайға.
Көңілге көк мұз қатпасын,
Көгіңде бұрқап қар ұшар.
Ашып қой жүрек қақпасын,
Махаббат-достық қауышар.

1974


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалындап туған жігітті өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Жалындап туған жігітті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалындап туған жігітті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалындап туған жігітті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері