Әсет ақынға
Бұл бетте «Әсет ақынға» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жат жерде жалқы жанның аһ ұрғаны,
Ауыр ғой мұңлы ақынның ақырғы әні.
Мерт болу мүмкін шығар,
Мүмкін емес
Тағдырға таланттың кеп бас ұрмағы.
Ер басын ел жолына атаған жан,
Әннен – әл, жырдан – қанат жасап алған.
Сонда да қиырдағы қызыл от боп,
Ақынға жеткізбепті асау арман.
«Қасықтай қайран тілін балға малып»,
Өтіпті-ау күңіреніп қайран алып.
Қалайша жатыр екен, ой, дүние-ай,
Қарға адым қара жерге ән қамалып?!
1974
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі