Ұят шарпып бетімді – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ұят шарпып бетімді» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1212
Ұят шарпып бетімді,
Арым қалай көз ілмек?
Ауа райы секілді
Ала-құла кезім көп.
Кейде менен безінді ой,
Бұлт бүркеніп қабағым.
Кейде қайың безіндей
Безерем де қаламын.
Ашам ашу майданын,
Кейде ақылды ұғынбай.
Кейде тіпті майдамын
Ақ бидайдың ұнындай.
Көңіліме қаз қонып,
Кірпігіме жаз қонып,
Жүрегіме наз қонып,
Кейде жүрем мәз болып.
Дегенмен де... кей кезде
Өзіме өзім нанбаймын.
Құйын ойнап кеудемде,
Аспанға ұша жаздаймын.

1974


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұят шарпып бетімді өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Ұят шарпып бетімді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұят шарпып бетімді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұят шарпып бетімді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері