Туған күнге тілек

Бұл бетте «Туған күнге тілек» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.10.2021
  • 0
  • 0
  • 965
(Иманғали Нұрғалиұлына)

Жастайыңнан самғап ұштың,
Заманыңмен сен жарыстың.
Қайтпас, қайсар жігері бар
Мінезіңде жолбарыстың.
Арпалыстың елің үшін,
Жолын қумай жанбағыстың.
Жақсылықтың тұнығынан
Хас тұлпардай жалдап іштің.
Құбылмадың құбылса да
Жалған дүние – алдамыш күн.
Адалдарға құшақ жайып,
Арамзамен сан қағыстың.
Елбасыға жасай білдің
Кереметін қолғабыстың.
Барған жерде бағы жанды
Өз қолыңа алған істің.
Енді, міне, ел айбыны –
Басындасың Қорғаныстың!
Желтоқсанда туған ұлсың,
Қылаулатып қардан ұшқын.
Аман болғай тіл мен көзден,
Алдаспаны ар-намыстың!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған күнге тілек өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Туған күнге тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған күнге тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған күнге тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері