Көкпар тартса, тарқатылар бұрау үн – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Көкпар тартса, тарқатылар бұрау үн» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1006
Көкпар тартса, тарқатылар бұрау үн,
Лақ иесі айта алмайды сұрауын.
Ылғи мені шақырады қонаққа
Бие ұстаған, қымыз ішкен бір ауыл.
Білмеймін ғой, қаншама сыр айтылды,
Күн де шықты, таң бозарды, ай туды.
Мен сол жаққа бара қалсам қонаққа,
Ұмытармын қалай кері қайтуды.
Үн деп ұқсам шарықтаған кей үнді,
Сала берсем сұлулыққа зейінді,
Ұмытуым қиын болар артынан,
Бере қалса маған олар пейілді.
Құлдиласа, құс табады жемтігін,
Мен де қонақ бола аламын сен түгіл.
Сағынышы аспан жаққа биіктеп,
Туған ауыл баса алмай тұр ентігін.
Шаршағанда арпалысты күрестен,
Ішкі лебі арманымен тірескен.
Ауыл болып қонақтыққа шақырған
Әдемі әуен кетпей қойды бір естен.
Күндер, күндер, ақша бұлттай бұрқаған,
Болмайтұын шегінуге бір қадам.
Мен артыма сан бұрылып қарармын
Ең соңғы әуен естен кетпей шырқаған.
Шығандамас дауыс дауыс емес қой,
Ол әшейін көлеңкелі көмескі ой.
Мен ауылдан нағыз әнді тыңдаймын,
Алматыда ешкім әнші еместей...
Бүкіл ғалам сол әнді айта береді,
Айтып болып үйге қайта береді.
Әміренің зор үніне симаған
Қазағымның ұлан байтақ әлемі.
Елде жүрсем, жарайды ғой қоңыр күн,
Шын қадірін ұққан шақта өмірдің,
Менің қайран шын қазақы көңілім,
Пейіл менен қара суға семіргін.
Атқа мініп, оза шапсам, терлесем,
Бала күнгі бал арманым, тербе, сен.
Жыраулардың әнін тыңдап жантайсам,
Сән киімін оқаменен зерлесем.
Оқа мен зер – кеңістіктің бөлшегі,
Арғы тармақ түпте жатыр өлшемі.
Шарайнамда ен мен таңба үйлесіп,
Қысқа күнде құдай сынды күй кешіп,
Туған өлке, құлай сүйем мен сені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкпар тартса, тарқатылар бұрау үн өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Көкпар тартса, тарқатылар бұрау үн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкпар тартса, тарқатылар бұрау үн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкпар тартса, тарқатылар бұрау үн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері