Қызыл шоқтай жанып тудым

Бұл бетте «Қызыл шоқтай жанып тудым» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 949
Қызыл шоқтай жанып тудым,
Жалындап бір қалайын.
Жанарымды жарық күннің
Жанарына қадайын.
Жанайыншы күндей лаулап,
Кірпігімнен тамсын нұр.
Көлеңкелер бұқпантайлап,
Көңілім жайнап қалсын бір.

1975


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері