Сұраңдар
Бұл бетте «Сұраңдар» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қыздың сырын анасынан сұраңдар,
Гүлдің сырын даласынан сұраңдар.
Шалдың сырын баласынан сұраңдар,
Балдың сырын арасынан сұраңдар.
Жолдың сырын жолаушыдан сұраңдар,
Тонның сырын бояушыдан сұраңдар.
Аттың сырын арбасынан сұраңдар,
Саптың сырын балғасынан сұраңдар.
Өзен сырын арнасынан сұраңдар,
Өрен сырын жолдасынан сұраңдар.
Жаудың сырын біледі тек жауынгер,
Таудың сырын біледі тек қырандар...
1976
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі