Есептеспей есе бермес ай-күнмен – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Есептеспей есе бермес ай-күнмен» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 676
Есептеспей есе бермес ай-күнмен,
Сан сүрініп, табанымнан тайдым мен.
Сонда есіме балалығым түседі
Көктайғақта зырылдатып тай мінген.
Тайдан талай омақаса құлап ем,
Қиғылық сап, жер тепкілеп жылап ем.
Тай ғана емес, тулап жығар тағдырдың
Бар екенін сонда ұқпаппын мына мен.
Сондықтан да өзіме өзім бекем боп,
Сақтанамын құламасам екен деп.
Кім біледі, қаламын ба бел аспай,
Жүргенімде жер түбіне жетем деп?
Ойхой, өмір, бұлтарысың көп сенің,
Сараптадың, іріктедің, екшедің.
Керегемді кең жайып бір жататын
Көк шалғынды жазираны көкседім.
Бір жығылып, келемін мен бір тұрып,
Бір тасимын, қаламын бір іркіліп.
Көкірегімде гүл атады көктемім,
Жүрегімнің қызғалдағы құлпырып.
Алаңдатып ащы күдік, тәтті үміт,
Тұрам таңға тереземді қақтырып,
Тек жақсылық тілеуменен дүниеге,
Достарыма тілеуменен сәттілік.
Жанымды арман айдынына жүздіріп,
Мен іздеймін жүректерден ізгілік.
Түспесін деп пейілдерге бозқырау,
Соқпасын деп көңілдерден ызғырық.

1977


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есептеспей есе бермес ай-күнмен өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Есептеспей есе бермес ай-күнмен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есептеспей есе бермес ай-күнмен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есептеспей есе бермес ай-күнмен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері