Қасым

Бұл бетте «Қасым» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.10.2021
  • 0
  • 0
  • 746
Айқастан аман шығар мыңнан бірі,
Ақындар – арпалыстың құрбандығы.
Өлеңнің қағанағы жарылған күн –
Қасымдай хас тұлпардың туған күні.
Қызғыштай қорып өтсе сөз мұрасын,
Қалайша ақындарды жазғырасың?
Халқының қасіретін мөлдіретіп,
Төгілген көз жасымен жазды Қасым.
Артынан ажал қуып тақымдаса,
Бола ма айдаһардай ақырмаса?
Қаламын қанжар етіп майдандасты,
Қасына Жебірейіл жақындаса.
Айтарын айтып кеткен бір ғасырға,
Қасымның кеуде соғар кім қасында?
Атанса Қарқаралы өнер шыңы,
Ту тігіп Қасым соның тұр басында!
Жасқанбай жалын атқан шерлі күнде,
Қасымның Қасымдығы – ерлігінде.
Алдымен аруағына қарыздармыз,
Біздерді ақын десе ел бүгінде.
Оқысаң отты жырын дауылдағы,
Басылар жүрегіңнің ауырғаны.
Қасым ғой қабыланға қарсы шапқан,
Өлеңнің Момышұлы Бауыржаны!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қасым өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Қасым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қасым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қасым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері