Бұл бетте «Сілкініс» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жер сілкінер
Көкірегін от кернеп,
Жел сілкінер
Тауды тесіп өтсем деп.
Аспан астын астаң-кестең сапырып,
Бұлт сілкінер
Қара нөсер төксем деп.
Дүр сілкінер
Қыран қанат қақсам деп,
Дүр сілкінер
Жүйрік дәйім шапсам деп.
Бір сілкінер
Әркімнің де кезі бар,
Ғұмыр бойғы
Шаң-тозаңын қақсам деп.
Талыққанда
Суыт жүріп, түн қатып,
Жабыққанда
Терең ойға мың батып,
Шаңытқанда
Тұнық көгің мұнартып,
Зарыққанда
Сағыныштан мұң қатып,
Қаңқу сөздер,
Шаншу сөзер улатып,
Жалыққанда
Құлағыңды шулатып,
Айналаңа
Дүбіріңді тыңдатып,
Сезіміңді
Көк теңіздей тулатып,
Төзіміңді
Намысыңа туратып,
Сілкіне біл!
Сілкіну де – бір бақыт!
1978
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі