Сағындың ба сен мені? – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Сағындың ба сен мені?» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1596
Жыл құстары қиқулап,
Көшкенде өзен сеңдері,
Көкірегіңде күй тулап,
Сағындың ба сен мені?
Гүлдер қақса қанатын,
Қызыл оттай қыр лаулап,
Таусылып бар тағатың,
Толқындармен бірге аунап,
Сағындың ба сен мені?
Самал майда тілімен
Жапыраққа сыр айтса,
Аққан жұлдыз түнімен
Жүрегіңді мұңайтса,
Сағындың ба сен мені?
Жаз жылжыса, күз жуық,
Дауыл шайқар еменді.
Сезіліп сәл ызғырық,
Қалтыратса денеңді,
Сағындың ба сен мені?
15
Бірте-бірте білінбей,
Суық соғар іргеңнен.
Қайта шықпас гүліңдей,
Жастығың да бір келген.
Сағындың ба сен мені?
Айта алар ма түгендеп
Аспан менен жер тілі?
Сағынышқа тірелмек
Махаббаттың төркіні.
Сағындың ба сен мені?
Көру үшін пендені
Көзін салмас ай төмен.
Сағындың ба сен мені,
Мен сағынсам қайтер ең?!

1980-1984


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағындың ба сен мені? өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Сағындың ба сен мені? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағындың ба сен мені? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағындың ба сен мені? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері