Траур

Бұл бетте «Траур» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 709
Шошынып бейбіт күн,
Оқ тағы сөйледі.
Қып-қызыл
Бейруттың
Аппақ көйлегі.
Жер-ана назалы,
Көз жасы тым ауыр.
Ливан қазалы,
Қаралы траур,
Траур!
Зұлымдық мүлги ме
Зарлатпай, сірә, бір.
Кампучи, Чилиде
Қаралы траур,
Траур!
Айтқысыз азабы,
Қасірет түн ауыр.
Арабтар азалы,
Қаралы траур,
Траур!
Жүректі езеді
Мұндайда жыр ауыр.
Дүниені кезеді
Қаралы траур,
Траур!
Қайыспай көтердік,
Ғасырдың жүгі ауыр.
Тарихта жетерлік
Қаралы траур,
Траур!
Отаны опаттың,
Құрысын, күні ауыр.
Сұмдығы ол апаттың,
Қаралы траур,
Траур!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Траур өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Траур өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Траур өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Траур өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері