Жүрегімнің қанаты бар

Бұл бетте «Жүрегімнің қанаты бар» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1055
Көрдің бе, жүрегімнің қанаты бар,
Кім оған ұшам десе ара тұрар?
Қиырға қас қағымда тартып кетті,
Қос қанат самғау үшін жаратылар.
Қанатын тынбай қағып сол бетпенен,
Ол жетер көп жерлерге мен жетпеген.
Топшысын талдырса да қарсы дауыл,
Ағынын бәсеңдетпес көлбеп төмен.
Қыраным қонар, бәлкім, шыңға барып,
Бар сырын дүниенің тыңдап алып.
Кім білсін, отырар ма кері қайтпай,
Қанатын қалың тұман – мұңға малып.
Болмаса еркін шарлап, шалқып бүгін,
Шолады қара жердің бар түкпірін.
Қайғы ма,
Қуаныш па,
Жұбаныш па –
Мойныңа қайтары анық артып бірін...
Көк нөсер қауырсынын сауыс қылып,
Зулайды желмен өзін жарыстырып.
Жер бетін шыр айналып шыққанынша
Алады күн мен түнін ауыстырып.
Солайша көпті көзден өткереді.
Сезініп қысты,
Жазды,
Көктемені...
Жанындай жақсы көріп біреулерді,
Немесе біреулерді жек көреді...
Біле біл, мейлің мұны, біле білме,
Әлемнің құпиясы жүрегімде.
Тұрғандай секілденер сондықтан да
Тұтқасы дүниенің бір өзімде!..

1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегімнің қанаты бар өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Жүрегімнің қанаты бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегімнің қанаты бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегімнің қанаты бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері