Пірлерім, жебеңдер!

Бұл бетте «Пірлерім, жебеңдер!» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 615
Жебеңдер, пірлерім, сендер мені,
Жетімің тағы, міне, телмеңдеді.
Үстінен ұшқан құсты қағып түсер,
Осынша жұрттың бәрі мерген бе еді?
Шетінен шұбырған бір аң көргендей,
Тартады оңды­солды қолмергендей.
Шайқайды шаңырақтай мүйіздерін,
Тәңірдің өзі келіп шен бергендей.
Қуалап қатты соққан жел ағысын,
Еш кеткен ескермейді қара күшін.
Байқасам көн илеген күмпілдек көп,
Ширатып шикі сөздің тарамысын.
Кеткен соң жастан ұят, шалдан – тәуба,
Аттарын қамшылайды таудан­тауға.
Тырп етсең дүрелейтін түрлері бар,
Жан қалмас сұрамасаң ханнан сауға.
Жебеңдер, пірлерім, жетіміңді,
Шешейін дария көрсем етігімді.
Өлермін қаңғып жүріп соңдарыңда,
Кеспесе не басымды, не тілімді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пірлерім, жебеңдер! өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Пірлерім, жебеңдер! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пірлерім, жебеңдер! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пірлерім, жебеңдер! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері