Пірлерім, жебеңдер! – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Пірлерім, жебеңдер!» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 685
Жебеңдер, пірлерім, сендер мені,
Жетімің тағы, міне, телмеңдеді.
Үстінен ұшқан құсты қағып түсер,
Осынша жұрттың бәрі мерген бе еді?
Шетінен шұбырған бір аң көргендей,
Тартады оңды­солды қолмергендей.
Шайқайды шаңырақтай мүйіздерін,
Тәңірдің өзі келіп шен бергендей.
Қуалап қатты соққан жел ағысын,
Еш кеткен ескермейді қара күшін.
Байқасам көн илеген күмпілдек көп,
Ширатып шикі сөздің тарамысын.
Кеткен соң жастан ұят, шалдан – тәуба,
Аттарын қамшылайды таудан­тауға.
Тырп етсең дүрелейтін түрлері бар,
Жан қалмас сұрамасаң ханнан сауға.
Жебеңдер, пірлерім, жетіміңді,
Шешейін дария көрсем етігімді.
Өлермін қаңғып жүріп соңдарыңда,
Кеспесе не басымды, не тілімді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері