Бұл бетте «Қайғы – менің қазынам» атты Несіпбек Айтұлы жазған мұң туралы өлең берілген.
24.09.2021
0
0
1376
Акқуқаздай айдынында жүзбесем де байлықтың,
Шашыптөгіп, шайқап ішіп, кілкілдеген май жұттым.
Пендеге тән күпірлікпен құмар ойнап көріп ем,
Қуаныштан жұрдай болып, есесіне қайғы ұттым.
Несібеме бұйырған соң қайғы – менің қазынам,
Удың бетін у қайтарса, ауыр дерттен жазылам.
Құдай өзі беріп жатса, артық дәулет бас жармас,
Адамзатқа не нәрсенің молы жақсы азынан...
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі