Сөнбей қалған қоламта іздеп

Бұл бетте «Сөнбей қалған қоламта іздеп» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 722
Жаппар ием, жабыққанда жалғызыңа бол тірек,
Жел айдаған жетім қаңбақ қайда бармас тентіреп?
Тоңған жаным қалтырады жылынатын жер таппай,
Сөнбей қалған қоламта іздеп, көшкен жұрттан ел түнеп.
Әлек болып әуреге түскенменен құр бекер,
Бір қиырдан ұшқан тозаң пәк жүректі кірлетер.
Арман деген – өкпесі алтын, бауыры мыс жезкиік,
Келте жалды, шолақ құйрық жылға мініп кім жетер?
Көрешегім не болса да бір өзіңнен, уа, жалған,
Берешегім шашымнан көп, аласым жоқ ажалдан.
Кімге апарып жөндетемін орта жолда қалғанда,
Шиқылдаған ескі арбамның дөңгелегін қажалған?
Тозып біткен тебершігім жамағанмен жаңармас,
Күнің бітпей күркіреген әзірейіл жан алмас.
Қайырымы ада болып, қаһарына мінгенде,
Құдіреттің алақаны – қылпылдаған ақ алмас!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөнбей қалған қоламта іздеп өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Сөнбей қалған қоламта іздеп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөнбей қалған қоламта іздеп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөнбей қалған қоламта іздеп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері