Менің жүрегім – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Менің жүрегім» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1237
Жиіркеніш танытып күш-айлаға,
Жыр оқыдық ақын боп мүшайрада.
Мақамымды мандытпай орындадым,
Басымнан ұшқан сынды құс айнала!
Сен қарадың, жанымды қытықтадың,
Қайғымның алғандайсың жұтып бәрін.
Байқамаған адамдай тұрғанымда,
Өзің келіп жүлдемді құттықтадың.
Оң қолыңмен ұсынып арманымды,
Құттықтадың жырдағы талғамымды.
Білдің бе, сол жағымнан бір жолата,
Жүрегімді суырып алғаныңды.
Сен қазір қайда жүрсің, қай мекенде?
Құдайым дәл осылай қайғы етер ме?
Егер біреу сұраса жағдайыңды,
«Айнұрдың жүрегімен жайлы екен» де!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері