Кімсің?
Бұл бетте «Кімсің?» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен өзі кімсің осы,
адамбысың?
Шарлайсың ба,
шынымен ғалам ішін?
Мен секілді сағынып бәз біреуді,
Бір-ақ сәтте,
жек көре аламысың?
Түсінбедім, жынсың ба,
перісің бе?
Келмей-ақ қойдық осы
келісімге.
Қу жаныңды жүрмісің
Қуыртпалап,
Сыйдыра алмай,
адамның терісіне.
Қос жанарың
арыңдай айнаң ба еді?
Кімнен тудың және де
қайдан келдің?
Мен секілді таңдарда
жаратқанға,
Жалғызсырап
алақан жайған ба едің?
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі