Танысым – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Танысым» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 894
Сағынған сәттерде жүректен қан идім,
Кезіккен күніме несіне налимын?
Өзіңді дәл бүгін көрсем де,
Мен сені бұрыннан танимын!
Қол жайып өзіңді тіледім,
Таныспа менімен, мен сені білемін!
Күрсіне қалсаң сен, қапелім,
Соны да сезетін жүрегім.
Айтпағын келдім деп жырақтан,
Өттім деп өлшеусіз сынақтан.
Мен жаққа асыққан жоқсың сен,
Сол үшін шынымен ұнатқам.
Тере алмай тірліктен керегін,
Сен жаққа асыққан мен едім.
Көрмегем, алайда танимын,
Ұқпадым осының себебін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері