Ханшайым – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Ханшайым» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 1
  • 2382
Әрбір атқан таң сайын,
Неге сені аңсаймын?
Менен көрі,
Сені жақсы түсінетін секілді,
Жүрек деген
жүгінбейтін ханшайым!
Елжіреткем иесіз жатқан тасты да,
Жібітпей ме жүрегіңді жас мына?
Тағдырымның тәжін шешіп төседім,
Хандығыңның табанының астына!


Пікірлер (1)

Айару

Тақ бақтар

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері