Құс жолы

Бұл бетте «Құс жолы» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 818
Асықпайсың сен мүлде,
Толықтырып кешіккендер қатарын!
Ояу жүрген ұйқыдағы шерлім бе?
Сен күлгенде,
Құс жолына сіңіп бара жатамын.
Қажет пе осы,
Саған қанат, құсты айту.
Жанарыңда жылт етеді жарықтар,
Құс жолына ұқсайтын.
Қара аспандай шындығым!
Қай қазықта байлаулы тұр кіндігің?
Көзіңдегі биіктікте қалықтап,
Келген еді тұнығыңа сүңгігім.
Есебінен жаңылмайды алып Күн,
Алып Күнмен арбасудан жалықтым.
Шұғыласы жүрегімнің бір мезет,
Ескерсеңші, жылдамдығын Жарықтың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құс жолы өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

Құс жолы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құс жолы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айнұр Төлеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құс жолы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері