Бұл бетте «Сен қайдасың?» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аңғармаудың
Не деген шебері едің.
Қар боп жауғам,
Тамшы боп себеледім.
Жабыққан кездерімде
Сағынбадың
Және де демемедің!
Мөлдір өзен ағады көздерімнен
Ұя салсаң қайтеді?
Сұп-сұңғақ, дегелегім.
Биігімді тәрк етіп,
Алдыңда болған едім
Кеше кіші.
Сырты сұлу өмірдің
Өсек іші.
Қан базарға еніп ем
Қамықпадың!
Кес-кестеді жолымды
Неше кісі?!
Кейбірі гүлдердің күлтесінен
Алдыма кілем жасап,
Келеді төсегісі!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі