Шексіздік
Бұл бетте «Шексіздік» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жарасын жанның
Жамадым жасқап
Нәп-нәзік қана
Қылдан жіп!
Құрдасым шығар
Тұлпар – уақыттың
Тұяғындағы
Жарықтан жүйрік
Жылдамдық!
Шексіздік дейді
Мендік сағыныш,
Оны да жаным аңсасын!
Тани алдың ба,
Қара тасына
Күнбасты құдай
Қашалған елдің
Ханшасын?!
Дінсіз деймісің,
Мінсіз деймісің?
Ол жағын өзің парықта!
Жүрегім мәңгі
байланып қалған
Көк аспандағы алыпқа!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі