Бұл бетте «Жалаңаш орман» атты Айнұр Төлеу жазған табиғат туралы өлең берілген.
Қайтеміз сөз етіп
Жалаңаш орманды,
Көңілге қонып ап қараша
Жалаңаш арманың
Сұрайды жәудіреп араша!
Түсінгің келмейді
Ұқтырғым келгенді!
Мендегі тіл басқа
Түр басқа сендегі!
Үнсіз-ақ ұғысып жүр едік,
Сезім ек, ол кезде
Тірі едік!
Желкенді қайықты
Желі жоқ жағаға тіредік!
Өзімді іздедім,
Сен жақта жоқ екем!
Барсың деп несіне алдадың?!
Барлығын түсіндім,
Күрсіндім,
Қараша келгенде
Жалаңаш қалғанда орманың!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі