Жағалаудағы жыр – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Жағалаудағы жыр» атты Айнұр Төлеу жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 765
Жұлдыз болсам мен егер,
Аспанға алаңдамай,
Асығып ағар едім саған қарай...
Көк Каспий,
Байқадың ба?
Құрылыққа бейімделді өлең – күнім,
Өзіңнен іздеп келдім
Жанымның тереңдігін!
Тұнықтығын,
Жанымның мөлдірлігін,
Көру үшін жағаңа келдім бүгін.
Көкпеңбек қуанышым,
Менің де көзім күліп,
Жасаурап тұрады ішім.
Су саған жермен келсін, бұлттан сіңсін,
Аққуың арда мөлдір ұрттап жүрсін.
Көңілімнің көк айнасы, ұлықсат бер,
Көзімнің тамызайын бір тамшысын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жағалаудағы жыр өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

Жағалаудағы жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жағалаудағы жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жағалаудағы жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері