Бұл бетте «Су перісі, қайдасың?» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мына дерттің таба алмадым айласын,
Жүрегіме қалай уын жаймасын?
Адамзаттың баласынан үміт аз,
Арашала, Су перісі, қайдасың?!
Су перісі, іздегенде сені мен,
Үн қатпасаң арманымның төрінен:
Жарық күнді көре тұрып, көрмеймін,
Тәтті өмірді сүйе тұрып, жерінем!
Тұтанғанда ессіз ләззат оты сәл,
Еркің білсін, бір тозаққа екі сал.
Мен емеспін жырындағы Пушкиннің
Соншалықты сорлы болған сопы шал.
Түн ішінде судан шықсаң ұрланып,
Мен қараймын бірақ сәтке мұңданып.
Өрттей жанған жанарыңның ішінде
Шыбын жаным шырайланар нұрланып!.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі