Ақтөбе – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Ақтөбе» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.11.2015
  • 0
  • 1
  • 12551
Әлібек Түймәлиевке

Ақындай оқитұғын жатқа өлеңін,
Даусымды көптен бері баптап едім.
Бұлбұлым көмейдегі ән салды ғой,
Төбесі көрінгенде Ақтөбенің.
Қия алмай Күн де көзін қадап өткен,
Атына атағы сай қала неткен.
Достардың құшағына қойып кеттім,
Түсе caп ақ құс - әйдік самолеттен.
Болсам да бүгін қонақ төріңдегі,
Жатсынып отырған жоқ елің мені.
Лүпілін жүрегімнің ұқтырамын,
Бір нәзік дірілменен демімдегі.
Жас жаным достық десе өбектеген,
Орал деп, Ақтөбе деп бөлектемен.
Жатырған Жайығыммен жарыса ағып,
Бір сәлем өзеніңе Елек деген.
Айта алман жүйрікпін деп танымалы,
Атпаған алдымда көп таңым әлі.
Бірақ та сені жырға қосу үшін,
Сырлы сөз, тыңнан теңеу табылады.
Далиған даланы осы көрікті етіп,
Самалы ерке Електің өбіп бетін.
Ақтөбем, көсіліп-ақ жатырсың-ау,
Бір шетің кеңістікке еніп кетіп!


Пікірлер (1)

Beka

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақтөбе өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Ақтөбе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақтөбе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақтөбе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері