Бұл бетте «Қым-қуыт қала» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жалғасқан дүние, алмасқан өмір,
Сырыңды қойдым ұға алмай.
Құлазыр кейде марғасқа көңіл,
Құдыққа түскен құландай.
Сағымдай алдап сырғыта бермей,
Ұстатшы ойдың ұшығын.
Шығайын сыртқа мұң жұта бермей,
Онсыз да жанмын іші мұң.
Қымқуыт қала, қиырда дала,
Келетін кім бар мені іздеп?
Көлкөсір елес миымда ғана,
Шалқиды шалқар теңіз боп.
Күрсініп кеудем ауа жұтады,
Буланды көзім дым көрмей.
Сұлбасы жұрттың қарауытады,
Қаптаған қара бүргендей.
Ізіңнен қалмас әр аттағанда,
Айдаһаражал желді өңеш.
Тұрағың сенің, Жаратқан Алла,
Аспанда, неге жерде емес?..
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі