Бұл бетте «Байқаймын» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Байқаймын, бір биіктеу белге шықтым,
Мүмкін, мен жетер жерге сәл кешіктім.
Іздейді сол баяғы сәбижүрек
Ырғағын әлдилеген талбесіктің.
Бесігім – ұясындай балапанның,
Нұрына шомылдырған жаңа таңның.
Балпиып балапандай жаттым білем,
Үстінде ақ мамықтай алақанның.
Жылуын рахаттың сезген денем,
Секілді әлі күнге өзгермеген.
Бақыттың бір мысқалы мен болармын,
Анамның алақаны безбендеген.
Бесіктен түсе сала еңбектедім,
Есімде біртебірте ержеткенім.
Басталған еңбектеуден өмірімді
Өлеңмен ақ қағазда өрнектедім.
Келмейді өңеш созып өзеурегім,
Қалса деп армандаймын өз өрнегім.
Не керек айтыпайтпай ағайынға
Шөліркеп ерінімнің кезергенін...
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі