Бұл бетте «Жаз көшіп» атты Несіпбек Айтұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.
Жаз көшіп күлімдеген жарқын жүзді,
Қарсы алдық суық қабақ салқын күзді.
Енді өмір әкеміздей еркелетіп,
Мінгізбес мойынына еркін бізді.
Қар түскен тау жотасы ағарады,
Күн қайда бұлтқа кірген бағанағы?
Жел соқса сары қурай сұңқылдайды,
Жаз бойы қарық болған қағанағы.
Қыстаудай жасап жатқан қыстың қамын,
Көңілің тиянақтар істің бәрін.
Жылжыған мысық табан мыстан уақыт,
Көрсете бастағандай тістырнағын...
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі