Көңіл түбі қараңғы

Бұл бетте «Көңіл түбі қараңғы» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 765
Лезде лаулап жанатындай,
Жаным менің төкті зар.
Үлбіреген қанатындай
Көбелектің от құмар.
Жаға алмадым – жазық менде –
Жүрегіңе шамшырақ.
Төгілмесе нәзік сәуле,
Таң көзінен тамшылап.
Торығасың тотықұстай,
Тар қапаста қамаулы.
Қаңыраған бос ыдыстай,
Көңіл түбі қараңғы.
Омырауды шаң қаппасын,
Жолға шықсам, медет бер.
Қалбаңдаған қаңбақ­басым
Енді қайда дедектер?
Ұшқанменен бұлтарып сан,
Өртенеді көбелек.
Құтқармаса бұл тамұқтан,
Сенің нұрың себелеп.
Басқа түскен теперіштен
Құтқаратын құдай бар.
Мендей болып, уа, періштем,
Жанған отпен кім ойнар?!
Жеттім десе, соған күлем,
Біреу егер бақытқа.
Сұрап келші, ең алдымен,
Сордың дәмін татып па?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңіл түбі қараңғы өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Көңіл түбі қараңғы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңіл түбі қараңғы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңіл түбі қараңғы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері