Сарыарқада сардарым

Бұл бетте «Сарыарқада сардарым» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1060
(Қабанбай батырдың рухына)

Жаза бассам жаңылып, шамырқанба, Киелім,
Бір өзіңе сыйынып, сөзден сауыт киемін.
Дамыл алып жатқандай ұлан­байтақ қазақтың
Әрбір сүйем жерінде сенің асыл сүйегің.
Сарыарқада, Сардарым, көтерілді күмбезің,
Жалт қаратып мұнартқан айдың жүзін, күн көзін.
Жеңіп бітіп жауыңды, кеттің бе ұшып ғарышқа,
Ғайып болып Ғайсадай жер бетінен мүлде өзің?
Сені қойған куә жоқ өз қолымен қабырға,
Тірілердің басыңа тіккен үйін қабылда.
Мәңгі мызғып жатырсың Хантәңірі, Қаратау,
Тарбағатай, Түркістан, бәлкім, Алтай, Сауырда.
Тыным бермей тәніңе жарық дүние тарлығы,
Топырағыңды жасыртқан Жаратқанның жарлығы.
Білетінім жалғыз­ақ – жаның сенің жәннатта,
Аруағыңа қарыздар бұл қазақтың барлығы.
Жауар күндей күркіреп сен қорғадың күллі елді,
Күллі дала дүркіреп атыңды атар күн келді.
Дарабозым, рухыңа төбе сайын дұға оқып,
Әсте көптік етпейді орнатсақ та мың белгі.
Салмақ түссе бел сынар – еңіреген ер шыдар,
Қаһарманы жоқ елдің көзден жасы тамшылар.
Астананың түбінде Көк Туыңды күзетіп,
Терістікке жон беріп жатқаның да жөн шығар!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сарыарқада сардарым өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Сарыарқада сардарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сарыарқада сардарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сарыарқада сардарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері