Бұл бетте «Талшыбық» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
26.09.2021
0
0
2280
Талпынып бір талшыбық
Сарыарқаның тауында,
Тоңды талай малшынып
Қара нөсер жауынға.
Таудың қия бетінде,
Жұлқылайды жел келіп.
Көк дауылдың өтінде
Өсе берді тербеліп.
Жүргізбекші әмірін,
Ақ боран да ұрғылап.
Тарамыстай тамырын
Таяныш қып тұр бірақ...
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі