Аумаймын мен де
Бұл бетте «Аумаймын мен де» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мазамды алма сен менің,
Ерігіп жүрген шығарсың.
Өкініш толы кеуденің
Өксігін қайдан ұғарсың?
Дауылға кеуде тоспасаң,
Денеңді суық қарымас.
Тау асып, тасты баспасаң,
Табаның жерді танымас.
Аумаймын мен де, шамасы,
Қойшының мінген атынан.
Шоқтығым жауыр, қарашы,
Сауысқан күнде шоқыған.
Іштегі көңіл жарасы
Оқылар көздің отынан.
Үңілсе пенде баласы,
Жауырды жаба тоқыған.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі