Бұл бетте «Серкенің соңына ермей» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қызырдың рас болса дарығаны,
Қызыл тіл сөзден несін тарығады?
Қарасаң замандарға көз жіберіп,
Ақынның некенсаяқ жарығаны.
Халықтың қаһарына мінгендігі –
Қайраққа қара пышақ жанығаны.
Ұлықтың сөзі –түзу, көзі – қисық,
Аядай айналасы танығаны.
Бәрінен сорақысы – ата жаудың
Итінің іргеңе кеп сарығаны...
Кісіге не келсе де тек құдайдан,
Келмеске кемеңгерлер кетті қайран.
Бұл күнде Тезек төре көрінбейді,
Сөз тыңдар Сүйінбай мен Бақтыбайдан.
Жалғыздың жарға бұғып жаны қалмас,
Жалпыны шарпығанда отты майдан.
Серкенің ай мүйізді соңына ермей,
Тәңірау, қошқар шығар тоқты қайдан?
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі