Қуғанмен қанша
Бұл бетте «Қуғанмен қанша» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дүние – сиқыр бір сағым,
Арбайды көзін қуса кім.
Ындыны кепкен пенденің
Тажал боп жайлар құрсағын.
Естілсе судай сылдыры,
Таба алмас тіпті күн нұры.
Ұстатпас қолда тұрса да,
Сайтанның құрықшылбыры.
Өзі кеп бір күн жағалар,
Қызықсаң, қашып жоғалар.
Құлудай қатқан қу басың
Соңында доптай домалар.
Қуғанмен қанша жалықпай,
Күйдірер оты тамұқтай.
Жаныңды оңай суырар,
Ойықтан алған балықтай.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі