Біржан туған жерде – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Біржан туған жерде» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 951
Шығандығы шыңдардың
Біржан әні секілді.
Алыс жатқан мұң бар бір —
жырлағаны секілді.
Бүлдіргендер бір түрлі
"Ханның асы" секілді.
Ақ қайыңдар үкілі
домбырасы секілді.
Жапырақтары аққудың
таранғаны секілді.
"Айна көлі" ақынның
адал жаны секілді.
Қыз аңдыған тал ұстап,
ісі бейпіл секілді.
Шідерлі аты алыста
кісінейтін секілді.
Ару қыздар көп еді —
таңдағаны секілді.
"Біз қартайдық", — дегені
алдағаны секілді.
Бурабай көл сырғыса
тамсанатын секілді.
Шертіп қалсаң сұр бұта
ән салатын секілді.
Тас өзегін жыр кернеп
тіліп тұрған секілді.
Біржан ағам бұл жерде
біліп туған секілді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біржан туған жерде өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Біржан туған жерде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біржан туған жерде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біржан туған жерде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері