Крылов тақырыбы – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Крылов тақырыбы» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 804
Қара тал судыр қағып жапырағы
қайың боп ойнағанда — қатырады.
Ролін тау-қыранның байғыз ойнап,
бұлбұлды есек сынап жатыр әлі.
Түк ұқпай қайсар Емен заман жайлы,
Шілік әлі майысып амалдайды.
Қорқытып қоңыр қанден пілдерге үріп,
Қу түлкі арыстанды әлі алдайды.
(Арыстан — құдірет қой бірақ әлі,
кім қарсы азулыға тұра алады?!
Табылды, білемін, тек бүгін ғана
түлкіге алданбаудың бір амалы).
Япыр-ау, көңіл қалай қамықпайды —
Әтеш те әтештігін танытпайды.
Осы екен шын өкініш, анық қайғы:
Маймылдар айна сырын әлі ұқпайды.
Бір күндер өтіп жатыр бірге ілесіп,
Аққу мен қара қарға іргелесіп.
Аңқаудың аузында әлі ірімшік тұр,
аш қасқыр ала қоймен жүр кеңесіп.
Тоқтыққа әр құмырсқа жол ашты ұлы
Жоқ!
Бүгін о кезгінің жоқ аштығы.
Келеді әттең, әттең өлі қалмай
қимыл мен пиғылдардың оғаштығы.
Бұл, рас, көне мысал, тозған қайғы,
аққу, шортан, шаянға сөз қалмайды.
...Жігіттер, ойлан бірақ, бүйте берсек
біздің де көп жүгіміз қозғалмайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Крылов тақырыбы өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Крылов тақырыбы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Крылов тақырыбы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Крылов тақырыбы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері