Орыс тілі

Бұл бетте «Орыс тілі» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1138
Табысып біртін-біртін жан-жүрегім,
Досыма айналдың сен мәңгі менің.
Кеңейтіп барасың сен күннен-күнге,
Көгілдір өмірімнің көкжиегін.
Өзіңмен қонып көкке ұштым бүгін,
Қиялдың алғандайсың ұшқырлығын.
Байырғы ұлы орыстың тіліменен –
Жазыпты жан бітіріп Пушкин жырын!
Жетеді сен арқылы алысқа ойлар,
Өтеді сен арқылы жарыс-тойлар.
Ғасырды ғасырларға шежіре етіп,
Өріпті өзіңменен Толстойлар!..
Өзіңмен айқындалып әр қадамым,
Ат басын бақытыма тарта аламын.
Әлемге сен арқылы айтылады,
Одақтық Отан сүйгіш ортақ әнім.
Дүние қанға кек боп аһ ұрғанда,
Кеуделер жауға оқ боп атылғанда,
Лениндік Революция тілі болдың,
Сүймеске енді сені қақым бар ма?!
Тербеген ыстық үміт, тасқын сезім,
Түсіндім сен арқылы достың сөзін.
Жабылған жылдарменен, бұрқылдатып
Іштегі қайнарымның аштың көзін...
Тіліндей шыққан күннің шұғылалы,
Ұстатпай, сан түрге еніп құбылады.
Сені тек «мама» деген сөз арқылы
Бар әлем аудармасыз ұғынады...
Сен неткен сиқырлы едің, құдіретті ең,
Астасқан тосқауылсыз жыры көкпен.
Өзіңді сүйемін шын,
Орыс тілі,
Лениндік Революция тілі деп мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орыс тілі өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Орыс тілі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орыс тілі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Орыс тілі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері